Авторларға арналған нұсқаулық
Барлық мақалалар журнал сайты арқылы қабылданады. Бұрын журналда жарияланған мақалаларды дәйексөз келтіру және Scopus пен Web of Science базаларында индекстелген журналдарда жарияланған жұмыстарға (бір немесе одан да көп) сілтеме жасау құпталады. Бір автор бір нөмірде бір ғана мақаланы жариялай алады, тек бірлескен авторлық ұсынылған мақала жағдайларын қоспағанда (жеке мақала – 1 + бірлескен авторлық – 1). Редакциялық алқа бір автордың (авторлар тобының) бір атаумен келесі үш нөмірде жарияланатын мақалалар сериясын жариялауға рұқсат бере алады.
Ғылыми мақала — авторлық әзірлемелерді, бұрын жарияланбаған және жаңашылдығы бар ғылыми зерттеу, эксперименттік немесе аналитикалық қызметтің аралық немесе түпкілікті нәтижелерін, сондай-ақ авторлық ұсыныстар мен қорытындыларды қамтитын өз тұжырымдарын баяндау; немесе ортақ тақырыппен байланысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларды қарастыруға арналған (жүйелі шолу). Ғылыми мақаланың құрылымы IMRAD (оригиналды мақалалар үшін) форматын қамтиды: атау, аннотациялар, кілт сөздер, кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелер, талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (болған жағдайда), әдебиеттер тізімі.
Барлық мақалалар талаптарға сәйкес ресімделіп, мұқият өңделуі тиіс. Редакциялық кеңес журналға қосу үшін мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады, қажет болған жағдайда техникалық түзетулерді авторлармен келіспей енгізе алады. Редакциялық алқа рецензенттің ескертулері бойынша мақаланы қайта қарауға қайтаруға құқылы. Ескертулерді негізсіз жою немесе қайта қаралған мақаланы редакциялық алқа белгілеген мерзімнен кеш ұсыну мақаланы қабылдамауға немесе оны келесі нөмірге ауыстыруға негіз болып табылады, бұл туралы автор міндетті түрде хабардар етіледі.
Студенттер мен магистранттардың жарияланымдары ғылыми жетекшімен бірге авторласып жасалған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Ғылыми жетекші жұмыстың мазмұнына жеке жауап береді.
Мақалалардың мәтіндерін журнал сайтының жеке кабинетіне жүктеу қажет. Мақаланы ұқсастыққа тексеру үшін толық мәтін PDF форматында, ал рецензиялау үшін мақала авторлардың аты-жөні мен аффиляциясынсыз MS Word форматында жүктеледі.
Авторлар туралы ақпарат – олардың аты-жөні, аффиляциясы, байланыс деректері, атқаратын қызметі және ғылыми/академиялық дәрежесі туралы мәліметтер, сондай-ақ халықаралық деректер базасындағы авторлардың профильдерінің сәйкестендіру нөміріне сілтемелер «Авторлар туралы мәліметтер» бөлімінде орналастырылады.
Редакциялық алқаның мақаланы қарастыру мерзімі бір айдан үш айға дейінгі уақытты қамтиды.