Бұл мақалада қазақ қоғамындағы адам құқықтарының тарихы мен қазіргі кезеңдегі ахуалы талданады. Қазақ хандығы дәуірінде құқықтар әдет-ғұрыптар мен рулық қатынастар арқылы реттеліп, әлеуметтік мәртебеге байланысты болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтарын қорғаудың негізін қалыптастырды. Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде танылып, халықаралық стандарттарға сәйкестік міндеттемелері енгізілді. Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі пактілеріне қосылып, халықаралық құқықтық нормаларды қабылдады. Алайда, сөз бостандығы, әділ сотқа қол жеткізу сияқты мәселелер әлі де шешімін күтуде. Мақалада қазақ хандығы дәуіріндегі құқықтық жүйе мен қазіргі Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы салыстырылып, еліміздің құқықтық жүйесінің эволюциясы мен халықаралық аренадағы жетістіктері көрсетіледі. Адам құқықтарын қорғау мемлекеттің басты міндеті болып қала береді, ал құқықтық реформалар қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды.
Тіл
Қазақша
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
