Мақалада Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы бойынша ұрып-
соғу қылмыстарын тергеп-тексерудің теориялық және практикалық проблемалары
қарастырылады. Ұрып-соғу қылмысы денсаулыққа зиян келтіру арқылы жасалатын
әрекеттердің бірі ретінде құқық қорғау органдарының тергеу тәжірибесінде маңызды рөл
атқарады. Авторлармен ұрып-соғу қылмысының қылмыстық-құқықтық сипаты, тергеудің
негізгі әдістері мен тәсілдері, сондай-ақ тергеуші алдында кездесетін практикалық
қиындықтар талданған. Сонымен қатар, ұрып-соғуды тергеудің тиімділігін арттыру үшін
ұсыныстар берілген, оның ішінде тергеушілердің кәсіби біліктілігін арттыру, куәлерді қорғау
шараларын енгізу және қылмыстық процесті цифрландыру бойынша шешімдер ұсынылған.
Мақалада құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру және қоғамдағы құқықтық тәртіпті
нығайту үшін ұрып-соғуды тергеуді жетілдіру бағыттары анықталған.