Еуропалық Одақ (ЕО) пен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық соңғы
жылдары стратегиялық маңызды салаға айналды. Орталық Азия өзінің географиялық
орналасуына байланысты энергетикалық ресурстарымен, сауда жолдарымен және мәдени
байлығымен назар аударады. Бұл аймақ ЕО-ның энергетикалық қауіпсіздігін арттыру,
экономикалық интеграцияны нығайту үшін де маңызды мүмкіндіктер ұсынады. Зерттеудің
инфрақұрылымы аймақтағы сарапшылардың пікірлерімен зерттелген және зерттеудің мақсаты
ЕО-ның Орталық Азия елдеріне көзқарасын талдау болып табылады. Зерттеу нәтижелеріне
сәйкес, Еуроодақ Орталық Азия елдерімен әр салада әртүрлі жобалар мен бағдарламалармен
ынтымақтастық қызметін жалғастыра отырып, аймақтағы Қытай мен Ресей сияқты басқа
субъектілердің әрекетін теңестіру саясатын жүргізеді.
