Бұл мақалада халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығының негізгі объектісі мен оның реттелу ерекшеліктері қарастырылады. Әртүрлі мемлекеттер арасындағы құқықтық айырмашылықтардың отбасылық қатынастарға әсері талданып, қолданылатын құқықты анықтау мәселелері зерттеледі. Зерттеу барысында отбасы-құқықтық қатынастардың трансшекаралық сипаты, оларды реттеудегі коллизиялық нормалардың маңызы, сондай-ақ әртүрлі құқықтық жүйелер арасындағы айырмашылықтар қарастырылады. Автор некеге тұру, некені бұзу, ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар, алименттік міндеттемелер және бала асырап алу мәселелерін халықаралық жеке құқық нормалары тұрғысынан талданады. Сонымен қатар, халықаралық шарттардың, ұлттық заңнамалардың және сот тәжірибесінің отбасы қатынастарын құқықтық реттеудегі ықпалы айқындалады. Мақаланың ғылыми жаңалығы халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығын дербес әрі негізгі құқықтық объект ретінде бағалау арқылы оның құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерін анықтаудан көрінеді. Зерттеу нәтижелері құқық қолдану практикасы мен ғылыми ізденістерде пайдалануға ұсынылады.
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақша
Дәйексөзді қалай келтіруге болады

