Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Халықаралық өмір және саясат сериясы

МЕМЛЕКЕТТІҢ  САЯСИ  ЖАҢАРУЫНДАҒЫ  ӨЗЕКТІ  МӘСЕЛЕЛЕРДІ  ҒЫЛЫМИ  ТАЛДАУДЫҢ   ЕРЕКШЕЛІГІ

Аңдатпа

  Мақалада Мемлекеттің дамуында, саяси институттардың қалыптасу негізінде қоғамдық  ойдың модернизациялану мәселелеріне саяси салыстырмалы талдау жасауға ұсыныстар берілген. Мемлекеттің демократиялық жолмен дамуына, теориялық тұрғыда жаңа пайымдаулар жасалынған. Зерттеу Қазақстан Республикасының ғасырларға тән сан-салалы саяси өзгерістерді басынан кешіргендігі, дүние жүзіне өзімізді бейбітшілік сүйгіш халық, өркениетті саясаты бар ел ретінде танытып үлгердік.  Алайда «өзгеге таныту үшін өзімізді тану қажеттілігі» анықталды. Саяси тарихымыздың өткен ғасырдың басындағы маңызды оқиғаларының саяси сабақтарына көңіл қойып, зерделеу саяси прагматизм мақсаттарынан туындап отыр. Егеменді  Мемлекеттің қалыптасуына күрестің көшбасында халқының ақыл-айнасы, жанашыр саяси тұлғалар болғаны, ұлтымыздың таңдаулы қайраткерлері тұрды. Алайда, олардың еңбектері мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, тоталитарлық саяси режим олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін санамыздан өшіре алған жоқ. Саяси билікті модернизациялауда ұлттық интелегенция мұрасы өткен мен болашақтың саяси көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқатын бағалаудың өзі, саяси болжам жасауға салыстырып зерттеуге негіз болады.

Зерттеу барысында мемлекеттік басқару жүйесінің реформалары, экономикалық саясаттың трансформациясы, əлеуметтік модернизация жəне технологиялық даму стратегиялары сияқты маңызды аспектілерге ерекше назар аударылады. Мемлекеттің модернизациялық саясатының табысты жəне өзекті тұстары анықталып, олардың қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделу қабілеті саяси талданады.

PDF (Russian)