Бұл мақалада қарулы қақтығыстар жағдайында халықаралық гуманитарлық құқық пен халықаралық адам құқықтарының өзара байланысы мен арақатынасы қарастырылады. Екі құқықтық жүйенің қолданылу аясы, мазмұны мен мақсаттарындағы айырмашылықтар талданып, lex specialis қағидасы аясында нормалардың қиылысу мәселелері зерттеледі. Адам құқықтары мен гуманитарлық құқық нормаларының халықаралық және өңірлік соттар тәжірибесіндегі көріністеріне, атап айтқанда Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот пен Халықаралық қылмыстық соттың практикасына назар аударылады. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде адам құқықтарын қорғау тетіктері мен халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ХҚКК және басқалар) рөлі талқыланады. Мақалада қарулы қақтығыстар кезінде адамның өмір сүру құқығы, азаптауға тыйым салу және әділ сот талқылауына қол жеткізу құқығы сынды негізгі құқықтардың қорғалуы өзекті мәселе ретінде қаралады. Бұл зерттеу қарулы қақтығыстар жағдайындағы құқықтық реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстармен аяқталады.
ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАРДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ, ҚҰҚЫҚТЫҚ АРАҚАТЫНАСЫ
Аңдатпа
Тіл
Орысша
Дәйексөзді қалай келтіруге болады