Бұл мақала жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) қолданудың халықаралық тәжірибесін кешенді талдауға арналған. Авторлар озық шетелдік модельдерді, пилоттық жобаларды және оларды енгізу нәтижелерін жүйелі түрде зерделей отырып, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды айқындады. ЖИ технологияларының көлік ағындарын басқару, апаттардың алдын алу, құқық бұзушылықтарды автоматты анықтау және урбанистикалық жоспарлау салаларындағы тиімділігі жекелеген мемлекеттерде өз дәлелін тапты. Мемлекет басшысымен ұсынылған ұлттық жаңғырту күн тәртібі цифрлық трансформация мен қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуді басымдық ретінде айқындай отырып, ЖИ шешімдерін енгізуге институционалдық және саяси қолдау көрсетіліп келуде. Бұл зерттеудің нәтижелері Астана, Алматы, Шымкент сияқты мегаполистер үшін «ақылды қала» технологияларының енгізілуінің өзектілігін және олардың жол-көлік оқиғаларын азайтудағы стратегиялық маңызын негіздейді.
