Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Халықаралық өмір және саясат сериясы

ФРАНЦУЗ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА БЕЙНЕЖОБА ӘДІСІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ» ЖӘНЕ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР» МАМАНДЫҚТАРЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЛИНГВОКӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

3

2

Аңдатпа

Мақалада лингвокәсіби құзыреттіліктерді дамыту факторы ретінде мамандыққа бағытталған француз тілі сабақтарында студенттердің өздік жұмысын бейнежоба арқылы ұйымдастыру және орындау қарастырылған. Заманауи білім беру жүйесінде болашақ мамандарды кәсіби ортада мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға көбірек назар аударылады, өйткені шет тілін үйрену оқытылатын тілдің мәдениетімен байланыс жасауды білдіреді. Қарым-қатынас тек тілдік деңгейде ғана емес, өзара түсіністікті қарым-қатынас жасап, әрекеттесуді қажет етеді. Кәсіби ортадағы мәдениетаралық қарым-қатынастың табысты болуы тек тілді меңгеру деңгейіне байланысты емес. Кәсіби қызметте лингвокәсіби құзіреттілікке ие болмайынша қарапайым қарым-қатынастың өзі кейде мүмкін емес. Бұл, әсіресе, шетел тілі сабағында студенттердің өздік жұмыстарының үлес салмағының артуын білдіреді. Бұл тәсіл өзін-өзі тәрбиелеу және өмір бойы білім алу дағдыларын дамыту қажеттілігінің нәтижесі болып табылады.

PDF (Russian)