Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Халықаралық өмір және саясат сериясы

ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ АДАМ АВТОРЛЫҒЫ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ: ҚАЗАҚСТАН, АҚШ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

0

0

Аңдатпа

Генеративті жасанды интеллектінің қарқынды дамуы авторлық құқық саласында бірнеше мәселені өзектендірді: адам шығармашылық үлесінің дәрежесін айқындау, мәтіндік сұраулардың құқықтық мәртебесін бағалау және бұрыннан бар туындыларды жасанды интеллект модельдерін оқыту үшін пайдаланудың заңдылығын анықтау. Мақалада осы мәселелер Қазақстан, Америка Құрама Штаттары және Еуропалық Одақ құқықтары тұрғысынан салыстырмалы түрде талданады. Негізгі назар Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 қарашадағы «Жасанды интеллект туралы» Заңының 23-бабына аударылады. Зерттеуде формальды-құқықтық талдау, салыстырмалы-құқықтық әдіс және ресми құжаттар мен сот шешімдерін зерделеу қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей, аталған құқықтық жүйелерде адамның шығармашылық еңбегінің маңызы ортақ қағида болғанымен, шығармашылық мәтіндік сұрауларды қорғау, модельдерді оқыту және құқық иелерінің тыйым салу тәсілдері әртүрлі реттеледі. Қазақстан заңнамасы адамның шығармашылық үлесін және машина оқи алатын нысандағы тыйымды тікелей көздейді; АҚШ тәжірибесі адам жасаған элементтерді дербес генерацияланған мазмұннан ажыратады; ЕО заңнамасы мәтіндер мен деректерді талдау ережелерін ашықтық міндеттерімен ұштастырады. Мақалада авторлық үлесті тіркеу, оқыту деректерінің шығу тегін қадағалау және құқық иелерінің тыйымдарын белгілеу негізіндегі үш құрамдасты тәсіл ұсынылады.

PDF (Russian)