Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Халықаралық өмір және саясат сериясы

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖАСАНДЫИНТЕЛЛЕКТІНІ ТЕРГЕУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ

Аңдатпа

Бұл мақалада құқық қорғау қызметінің жұмысын, оның ішінде қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алудағы жасанды интеллектінің маңызы сондай-ақ қылмыстық процестік тергеу әрекеттеріндегі жасанды интеллект атқаратын іс-әрекеттері мен тәуекелдері қарастырылады. Жасанды интеллект технологияларының дамуы түрлі салаларда, соның ішінде құқық қорғау қызметі саласында үлкен өзгерістер мен көптеген мүмкіншіліктер әкелуде. Қылмысты ашу және тергеуде Жасанды интеллект үлкен көлемдегі деректерді талдау, үлгілерді анықтау, күдіктілерді іздеу және басқа да көптеген тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Мақалада жасанды интеллектінің тергеушілер мен криминалистерге қылмыстық құқықбұзкшықтардың алдын алу, қылмыстарды ашу мен тергеудегі тиімділігі және деректерді талдау мен іздеудегі, үлгілерді анықтау, болжам жасаудағы артықшылықтары қаралады. Жасанды интеллектінің көмегімен орындалған әрекеттері баяндалады. Сонымен қатар жасанды интеллект-бұл адамды, яғни құқық қорғау органы қызметкерлерін алмастырушы емес, құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын оңайлатуға және жылдамдатуға арналған көмекші құрал екендігі айтылады. Жасанды интеллектінің негізгі мақсаты – көмектесу, адамның жұмысын жеңілдету және өз жұмысының тиімділігін арттыру. Жасанды интеллект пен адамның бірлесіп жұмыс атқаруы қылмыстық құқық жүйесіне оң өзгерістер әкеліп, қылмыстарды анықтау мен жолын кесуде жоғарғы жетістікке жетелейді.

PDF (Russian)