Бұл мақалада халықаралық қатынастардағы егемендік түсінігіне қазіргі көзқарастардың өзгеруін зерттеуге қадам жасалады. Автордың пікірі бойынша халықаралық қатынастарға баға берудегі гуманистік белгілердің артуы егемендікті сынауға және оның мүмкіндіктерін шектеуге ынталандыра түседі. Егемендік туралы түсінік күрделі және біркелкі емес. Оның мазмұны әр түрлі мемлекеттердегі саяси жүйелердің өзгеруіне байланысты құбылып отырады. «Егемендік» туралы түсінікке қайта баға беру мен оны жаңаша ой елегінен өткізу бұрын мемлекет атқаратын біраз қызметтердің басқа акторларға өтіп кетуімен байланыстырылады. Ұлттық-мемлекеттік егемендік өзгеріске ұшырайды және дамиды, жаңа жағдайларға бейімделіп, оларды өзіне қарай икемдеп отырады, яғни, егемендік түрін өзгерткен жаңа мазмұнға толы өмір сүруін жалғастырады.
ЖАҢА ӘЛЕМДІК ТӘРТІП ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕГЕМЕНДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ: ҮРДІСТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Аңдатпа
Тіл
Орысша
Дәйексөзді қалай келтіруге болады

