Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Халықаралық өмір және саясат сериясы

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КҮРЕСТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БАҒЫТЫ

Аңдатпа

Бұл мақалада терроризмге қарсы халықаралық-құқықтық күрестің қазіргі аспектілері қарастырылады. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі халықаралық шарттар, БҰҰ қарарлары және халықаралық пен аймақтық ұйымдардың тәжірибесі талданады. Мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіру, терроризм ұғымын біріздендіру, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастықтың рөліне ерекше назар аударылған. Кибертерроризм, лаңкестік қатерлердің трансшекаралық сипаты және террористік ұйымдардың цифрлық технологияларды пайдалануы сияқты өзекті сын-қатерлер белгіленеді. Мақалада халықаралық-құқықтық тетіктерді дамытудағы негізгі үрдістер анықталған: халықаралық ынтымақтастықты нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және терроризмді қаржыландырудың алдын алу шараларын күшейту.

PDF (Russian)